Теміртау қаласының «Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығы мен Жастармен жұмыс орталығының бірігіп ұйымдастыруымен қазақтың ұлы тұлғалары Абай Құнанбаевтың – 170 жыл және Тәттімбет Қазанғапұлының -200 жылдық мерей тойын атап өту мақсатында «Асыл мұра» атты байқау болып өтті. Байқауда Теміртау қаласының және Ақтау кентінің оқушылары қазақтың классикалық әндерін және күйлерін орындауда өзара бақ сынасты.
Жас ұрпаққа қазақ халқының ұлы тұлғаларының шығармашылығын насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын нығайту мен Отансүйгіштік, эстетикалық тәрбие беруге бағытталған байқауда ән орындау бөлімі бойынша І орынды №17 орта мектеп оқушысы Рахимжанова Жанелья, ІІ орынды №29 орта мектеп оқушысы Аманжол Ақжол мен №4 орта мектеп оқушысы Сыдықов Сакен, ІІІ орынды №2 орта мектеп оқушысы Тыныштық Баян мен №1 орта мектеп оқушысы Мороз Полина, ІҮ орынды №9 мектеп-лицей оқушысы Жалелов Азамат пен №19 орта мектеп оқушысы Шапкина Ксения иеленді. Ал күй орындау бөлімінде І орын №2 орта мектеп оқушысы Мұхаметжанов Рамазанға, ІІ орын №4 орта мектеп оқушысы Сапаров Даулетке, ІІІ орын № 15 мектеп-гимназиясының оқушылары Даулетбаева Фариза мен Кеңес Фаризаға бұйырса, №4 орта мектеп оқушысы Қылышбеков Абылай, №29 орта мектеп оқушысы Баятхан Индира, №2 орта мектеп оқушысы Асылбай Әсемгүл, №9 мектеп-лицей оқушысы Цэрег Алмас қанжығаларына байлады.
Байқауға қатысушыларға Теміртау қаласының жастармен жұмыс орталығы мақтау қағаздары мен сыйлықтарын табыстады.
Сайыскерлерімізді жүлделі орындарымен құттықтай отырып, өнерлерің өрге жүзсін деп игі тілек білдіреміз.
Теміртау қ. «Әлем»БЖО» КМҚК халық шығармашылығы және мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттау жөніндегі әдіскер Бельгибаева Ботагөз Толеубаевна.