«Әлем» балалар мен жасөспірімдер орталығы мен Теміртау қаласы мүгедектер қоғамының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің – 25 жылдық мерекесі қарсаңында, 3 желтоқсан дүниежүзілік мүгедектер күніне арналған концерт болып өтті.
Еңсесі биік, егеменді елімізде көңілі жарым, денсаулығында кемістігі бар жандарғаәрқашан қолдау жасалып, қамқорлық көрсетіледі.
Әр жыл сайын аталып өтілетін бұл шара барысында мүгедектер қоғамының төрағасы Иващенко Максим Валериевич, ардагерлер және мүгедектермен жұмыс істеу сектарының бас маманы Клюкос Елена Никалаевна баршаны атаулы күнмен құттықтап, денсаулық және сәттілік тіледі.
Мейірім шуағын сыйлауға үндейтін мерекелік шарада Барышникова Ольга «Инвалидность это не порог» өлеңін оқып, Белгожина Жаннаның жетекшілігімен «Just doit» тобы спорттық би беледі және орталықтың «Силуэт» сән театры, «Антрэ» ҮЭБА, «Миркл» эстрадалық ән театры, «Мирас» вокалды-аспаптық ансамбілі, «Балдәурен» вокал тобы, «Эдельвейс» спорттық би клубтарының тәрбиеленушілері өнер көрсетті.
Халық шығармашылығы және мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттау жөніндегі әдіскер Ботагөз Бельгибаева