2015 жылдың 10 желтоқсанында «Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығында «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент» күніне арналған «Мәңгілік ел – Қазақстан» атты қалалық шығармашылық байқауға қатысушыларды марапаттау және 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Тәуелсіз елім – Қазақстан» атты салтанатты шара өтті.
Аталған шара Қазақстан Республикасының әнұранымен басталып, мемлекеттік рәміздер жайында балаларға викториналық сұрақтар қойылды. Шара барысында орталықтың «Мирас» ансамбілінің тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетті.
Шығармашылық байқауға қала мектептерінен 47 оқушы қатысты. Атап айтар болсақ «№1 қалалық гимназия»КММ, «№1 ЖББОМ»КММ, «№2 ЖББОМ»КММ, «№4 ЖББОМ»КММ, «№5 ҚОМ»КММ, «№9 мектеп-лицейі»КММ, «№10 ЖББОМ»КММ, «№15 қазақ мектеп-гимназиясы» КММ, «№17 ЖББОМ»КММ, «№19 ЖББОМ»КММ, «№21 ЖББОМ»КММ, «№22 ЖББОМ»КММ, «№23 ЖББОМ»КММ, «№24 ЖББОМ»КММ, «№28 ЖББОМ»КММ, «№29 ЖББОМ»КММ.
Қатысушылар мен байқауға оқушыларды дайындаған мұғалімдерге мадақтама қағаздары мен сыйлықтар тапсырылды.
Орталықтың ата-аналары мен қонақтарының көмегімен «Көрермендер көзайымы» номинациясын анықтау үшін арнайы қорап жәшік қойылып, әр адам өзіне ұнаған жұмыстың авторы мен мектебінің атын жазып дауыс берді. Қорытындысында «№5 ҚОМ» ММ 1а сынып оқушысы Касылов Асет ең көп дауысқа ие болып, орталықтың атынан мадақтама қағазы мен сыйлық алды.
Байқауға қатысушылар мен мұғалімдерге аспандарыңыз ашық, көңілдеріңіз шат, еңбектеріңіз жемісті болуын тілейміз. Әрқайсымыздың қажырлы еңбегімізбен сүйікті Отанымыз – Қазақстан гүлдене көркейіп, нығая берсін!
Халық шығармашылығы және мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттау жөніндегі әдіскер Ботагөз Бельгибаева