Табиғатты қорғаймыз – таза қаланы қолдаймыз!

 

2017 жылғы 20 сәуірде «Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен  «Жас Ұлан» ББЖҰ мүшелерінің қатысуымен «Таза қала» акциясы өтті.

     Аталған іс – шараның негізгі мақсаты  қаламыздың ең ластанған аумағын тазартып, экологиялық мәселелерде  жасөспірімдердің белсенділігін  арттырып, табиғатты қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану әрбір адамның парызы ретінде жалпы – мемлекеттік, жалпыхалықтық міндет болып табылатынын насихаттау.

Бұл экологиялық акцияға Теміртау қаласы мен Ақтау кентінен барлығы 18 мектеп белсене қатысты.

«Табиғатты қорғау – еліміздің ертеңіне сенімділікпен самғау» – дегендей бүгіннен бастап оқушылар қаламыздың тазалығын сақтап, жалпы халыққа экологиялық мәдениетті насихаттап, өз үлестерін қосып,  көрікті шағын қала – ортақ үйіміз екендігін түсіндірді. Осы қаламыздың гүлденуіне бей – жай қарамай әр адамның өз үлесін қосуы міндетті екенін акцияның басында өз ұрандары мен  презентацияларын қорғау барысында жан – жақты талқылап өтті.

 «Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауы керек» – дегендей  осы қоғамдық іс – шарада барлық мектептен келген топтар өздеріне бөлінген жерлерді бар ынталарымен тазартты. Осы акцияда  өздерін өте жақсы көрсете білген №1ЖББОМ,  №2 ЖББОМ,  №3 ЖББОМ, №4ЖББОМ, №5ҚОМ, №6 ЖББОМ, №8 ЖББОМ, №10 ЖББОМ, №11 ЖББОМ, №15 ҚМГ,  №17 ЖББОМ,  №19 ЖББОМ,  №22 ЖББОМ, №24 ЖББОМ, №27 ЖББОМ, №28 ЖББОМ, №31 ЖББОМ,  №1 Әйелдер гимназиясының оқушыларына алғысымыз шексіз.

Табиғат — тал бесігің, аяла, қорғай біл, тазалығын сақта!  Келешек сендердің қолдарыңда! Адамзат – болашақта бейбіт, таза ғаламшарда өмір сүруі тиіс. Демек, ғаламшардың қауіпсіздігі – бүгінгі жасөспірімдер біздің қолымызда екенін естен шығармайық демекпін.

«Таза қала» атты акцияның соңында барлық белсене қатысқан мектептер мадақтама қағаздарымен марапатталды. Оқушыларды акцияға дайындаған тәлімгерлерге де ризашылық пен алғыс айтылды.

 

Балалар мен жастар қозғалысы жөніндегі әдіскер: Кунтуган К.