Теміртау қаласы ” Әлем” балалар мен жасөспірімдер орталығының “Грация” би үйірмесі, жетекшісі Мустахып Айнур. Желтоқсан айының 8-і күні Қарағанды қаласында өткен ІІІ Республикалық “Шаг вперед” би конкурсына қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Тәрбиеленушілер өздерін жақсы қырларынан көрсетіп, өнерлерін жұртқа паш етті. Алдағы уақытта көптеген жетістікке жетеді деген сенімдеміз.