Ұлтаралық татулық – ұрпаққа аманат

2017 жылдың  10 наурызында   «Әлем» балалар – жасөспірімдер орталығында  «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының 5 – 6 сынып  оқушыларының  арасында «Дружба крепкая» атты ойыны өтті.
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеяның  құндылығын түсіндіріп, рухани  төзімділікке үйретіп, көп ұлттың  достық беріктігін нығайтып, оқушылардың бір – біріне деген адамгершілік қарым – қатынасты қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған ойынға қала мектептері мен Ақтау кентінің  әр мектебінен 5 оқушыдан құрылған 1 топ  қатысты. Қала бойынша барлығы  55  оқушы белсене ат салысты.

«Мәң­гі­лік Ел» ұлттық  идеясы – біздің мүдде­ле­рімізге, қоғамымыздағы ты­ныш­­тыққа, ынтымақтастыққа қызмет ететін, бағыты мен бағ­дары анық жол болмақ. Сол ар­қылы бізді бейбітшілік пен келі­сімді, ұлтaрaлық татулық пен толеранттылықты сақтaй оты­рып, сындарлы сәттерден сүрін­дірмейтін ұлы мұрат екендігін осы ойынның барысында түсіндіріп өттік.

Ойынды сараптайтын арнайы әділқазылар тағайындалды: «Әлем» балалар – жасөпірімдер орталығы директорының орынбасары Рахманенко С.И. «Эдельвейс» спорттық-би клубының жетекшісі Осипова О. А. «Бэби Шлягер» эстрадалық би ансамблінің жетекшісі Помазай О. А.

Бұл  ойынның әр кезеңінде әр мектептен келген топтар өздерінің  тапқырлықтары мен  шеберліктерін  көрсетіп,  әр ұлттың ұлттық ойынының ерекшелігін жан – жақты түсіндіре білді.
№11ЖББОМ келген «Шаңырақ» тобы таныстыру кезеңінде көрермендердің  көңілінен шығып, өздерінің шығармашылықтарымен ерекше әсерге бөледі.  Мақал – мәтел кезеңінде осы топ ерекше тапқырлықтарымен көзге түсті. Әйелдер гимназиясынан келген «Тамырлар» тобы да өздерінің шеберліктерін танытып, «Теңге алу» атты  қазақтың  ұлттық ойынымен көзге түсті. Сонымен қатар №8 ЖББОМ, №29 ЖББОМ, №10 ЖББОМ, №1 қалалық гимназиядан келген топтарда әділқазылардың көңілінен шықты.

«Мәңгілік Елдің» болашағы баянды, келешегі нұрлы болу үшін бүгінгі жас ұрпақтың қосар үлесі  зор екенін қатысушыларымыз осы ойында жан – жақты түсінді деген ойдамын.
Ойынның қорытындысында «№11 ЖББОМ» КММ мен «Әйелдер гимназиясы» КММ келген топтар І орын, «№10 ЖББОМ» КММ, «№8 ЖББОМ» КММ оқушылары ІІ орын, ал « №1 қалалық гимназия» КММ,  «№29 ЖББОМ» КММ  – нің оқушылар ІІІ орынды иеленді.

Ойынға қатысқан барлық топтар және оқушыларды дайындаған мұғалімдер «Теміртау қаласының білім беру бөлімі» ММ мен «Әлем»БЖО» МКҚК мадақтама қағаздарымен марапатталды.

Балалар  мен  жастар  қозғалысы  жөніндегі  әдіскер: Кунтуган К.