2015 жылдың 13 қыркүйегінде Теміртау қаласы «Әлем» Балалар-жасөспірімдер орталығында жаңа оқу жылының ашылуына байланысты мерекелі шара өтті. Орталықтың алаңында бірнеше жылдан бері ата-аналар, оқушылар қыркүйектің екінші жұмасының жексенбісінде жиналып, қауышу дәстүрге айналған.
Ауа-райының салқындығына қарамастан кездесу жарқын және көңілді өтті.
Мерекеге келген қонақтарды көңілді сайқымазақтар («Ровесник» үлгілі театрының тәрбиеленушілері) қарсы алып, би билеп, әзілдеп, ойындар ойнатып көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
«Көңілді жәрмеңке» ойын алаңындағы аялдамаларда әрбір келуші өзіне қызықты іспен шұғылдана алды. Атап айтсақ, сурет салу(«Колорит» бейнелеу студиосы), қазақтың ою-өрнектерінің элементтерінен кілем құрастырса,(«Шебер қолдар» қол өнер үйірмесі) «Визави» шаштараз өнері жетекшісі қалаушылардың шаштарына сәнді өрімдер өріп, таңқалдырды.
Шара барысында «Антрэ»үлгілі эстрадалық би ансамбілі, «Силуэт» сән театры, «Миркл» эстрадалық әндер ансамбілі, «Бэби шлягер» үлгілі балалар эстрадалық студиосы, «Ровесник» үлгілі театры өздерінің өнерлерімен халықты тәнті етті.
Мерекеде атылған отшашулар ерекше көрініс берді. Ал шашу шашу дәстүрі балаларға зор қуаныш сыйлады.
Жыл сайын шығармашыл ұжымдар мен үйірмелерде 8-18 жас аралығындағы 1300-ге жуық жасөспірімдер мен балалар дәріс алады. Биылғы жылы орталықта қырыққа жуық үйірмелер жұмыс жасайды. Орталықтың тәжірибелі педагогтері балалардың өз дарындары мен шығармашылық қырларын ашуға көмек береді.
Балалардың бұрыннан бері жүректерін жаулап алған үйірмелермен қоса биылғы жылы ашылған «Ультромарин» дизайн студиосы, «Талапкер» тілдер орталығы және «Свой голос» жас тілші үйірмелері қушақ жая қарсы алады.
Биылғы оқу жылы «Әлем» Балалар-жасөспірімдер орталығының шығармашылық ұжымдарына табысты және жемісті болып, тәрбиеленушілері биік асуларды бағындырып, қайталанбас дарындар анықталады деген үміттеміз.
Халық шығармашылығы және мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттау жөніндегі әдіскер Ботагөз Бельгибаева